Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
– Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Өтініш
- Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (иесіне қайтарылады) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Білімі туралы диплом.
- Қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса).
- Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Білімі туралы диплом.
- Қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса).
- Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат.
Ескертпе:
Аттестаттау комиссиясы білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификатты және кәсіби жетістіктерін және жинақталуын растайтын құжаттарды білім басқармаларының және ҚР БҒМ-нің (ведомстволық бағынысты ұйымдардың) ресми сайттарында қарайды.
Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жетістіктерін растайтын құжаттарды (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін, ПМПК, ППТК, РО педагогтерін қоспағанда) аттестаттау комиссиясы білім басқармаларының және «Дарын» РҒПО-ның ресми сайттарында білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық олимпиадалардың, конкурстар мен жарыстардың тізбесіне сәйкес қарайды.
– Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау
Қызметті мемлекеттік органнан немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа алу үшін қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (иесіне қайтарылады);
- білімі туралы диплом;
- қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
- қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат;
- біліктілік санатын беру туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты бар тұлғалар үшін);
- Білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат;
- ұлттық біліктілік тестілеуді өткізуге жауапты білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымы қызметкерінің қолымен бекітілген және мөрімен куәландырылған ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы анықтама;
- білім алушылардың/тәрбиеленушілердің (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін, ПМПК педагогтерін қоспағанда) жетістіктерін растайтын құжаттар);
- кәсіби жетістіктерді және тәжірибені қорытуды растайтын құжаттар;
- оқуды/сабақтарды бақылау парақтары (ПМПК педагогтерінен басқа);
3)-11)-тармақтарда санамаланған құжаттар түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Қосымша келесі құжаттар ұсынылады:
- Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін – жарияланымдарды, жобаларға қатысуын, инновациялық, эксперименттік қызметті растайтын құжаттар, әзірленген әдістемелік материалдар;
- Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары үшін – білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталған оқу жетістіктерін сырттай бағалау және (немесе) ағымдағы және (немесе) қорытынды аттестаттау нәтижелерін қамтитын біліктілік санаттарын беру арасындағы кезеңдегі білім сапасының көрсеткіштері;
- Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері үшін-білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталған шеберлік пен дағдылардың қалыптасу көрсеткіштері;
- Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін – білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталған білім алушылардың, тәрбиеленушілердің таңдаған білім беру бағдарламасын меңгеру көрсеткіштері;
- Арнайы білім беру ұйымдарының, білім беру ұйымдарындағы арнайы сыныптардың (топтардың) педагогтері үшін (ПМПК педагогтерінен басқа) – жеке дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша маман қызметінің нәтижелілік көрсеткіштері;